Банк қазақстандықтың 42 500 теңгесін несие бойынша өсімпұлға ұстап қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банк қазақстандықтың 42 500 теңгесін несие бойынша өсімпұлға ұстап қалған Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық банктердің бірі әлеуметтік төлем ретінде аударылған 42 500 теңгені несие бойынша өсімпұлға ұстап қалған. Бұл туралы Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық банктердің бірі әлеуметтік төлем ретінде аударылған 42 500 теңгені несие бойынша өсімпұлға ұстап қалған. Бұл туралы Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

"Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдадым. Банк 48 сағат ішінде ақщаны иесіне қайтармаса, ақшаны ұстап қалған банктің атауын жариялаймын. Банктерге ескерту: кеше Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нұсқаулығы жарияланды, есепшоттарға, аударылып жатқан төлемдерді ұстап қалуға тыйым салынады", - деп жазды ол.

Кейінірек Президенттің штаттан тыс кеңесшісі 42 500 теңгенің қайтарылғанын айтты. Банктегілер алдағы уақытта мұндай жағдай болмауын қадағалаймыз деп уәде берді.

42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болады? Көрсетеміз

"Сізден 42 500 теңге ұстап қалса, оны қайтаруын талап етіңіз. Банк бас тартса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жергілікті бөліміне хабарласыңыз", - деді Құдайбергенов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети