12 ақпан 2014 | 16:33

Бас банкир: Девальвацияның екінші толқыны болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото 24.kz сайтынан  алынды Фото 24.kz сайтынан алынды

Қазақстанда девальвацияның екінші толқыны болмайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап. "Қазір кейбір білгіштер "Сенбеңдер, алдағы уақытта тағы да бір девальвация болады!" деп жатыр. Ал валюта айырбастау бекеттерінің көбісі кеше бір доллардың бағамын 200-215-ке дейін көтерген. Девальвацияның екінші толқыны болмайды. Қазіргі көрсеткішті (валюта бағамы - авт.) сақтап қалу үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Біз оны алдағы уақытта да қорғайтын боламыз", - деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас банкир. Алайда ол "асыра сілтегім келмейді" деп, ұлттық банктің соңғы бес жыл бойы доллардың бағамын 145-155 теңге көлемінде ұстай білгенін алға тартты. Банк төрағасы атап көрсеткендей, бүгінде доллардың бағамы 185 (+/-2 теңге) болып белгіленді. "Енді, бұл курс ұзақ уақыт сақталады. Оның ауытқуы болса да, көпке бармайды. Бәлкім, уақыт өте келе, 182 немесе 183 болуы мүмкін. Алайда банкке жүгіріп, теңгені долларға айырбастаудың ешбір қажеттілігі жоқ. Өйткені, одан ұтпайсыз, қайта ұтыласыз", - деп мәлімдеді Қ.Келімбетов.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети