15 сәуір 2019 | 16:34

Белшесінен батқан онлайн қарыз алушылардың жас мөлшері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Antidolg.kz әлеуметтік заңгерлік қызмет көрсету ұйымы Қазақстанда онлайн-қарыз алуды машық қылғандардың портретін жасап шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Antidolg.kz әлеуметтік заңгерлік қызмет көрсету ұйымы Қазақстанда онлайн-қарыз алуды машық қылғандардың портретін жасап шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ұйым қазақстандықтарға жалақыға дейін қарыз беретін 30-дан аса компанияның белсенділігіне сараптама жасап, кредиторлардың қаражатын еселеп жатқандардың жалпы портретін жасады.  

Google Analytics мәліметінше, жылдық пайызы 100 болатын несие беретін компаниялардың сайттарына 25-34 жас аралығындағы ер адамдар жиі кіреді екен. Екінші кезекте - 35-44 жастағы ер адамдар.

"Дәл осы жастағы қазақстандықтар онлайн-қарыз алу салдарынан көбіне ірі сомадағы қарызға белшесінен батады екен. Олар несие тарихын бүлдірген немесе алдағы уақытта бүлдіреді. Кішігірім онлайн-қарыз үшін көптеген отбасы жақсы әрі тиімді мемлекеттік тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысу мүмкіндігінен айырылып жатады. Онлайн-қарыз алуға қарағанда бұл әлдеқайда өмір сүру сапасын жақсартады", - дейді Antidolg.kz директоры Нұрхан Ескендір. 

Онлайн-қарыз алу арқылы жоғарғы пайыз бен өсімнің қатаң шарттарымен қарыз мөлшері жылдам ұлғаяды, осылайша негізгі қарыз аз уақыттың ішінде көп еселеніп кетеді. 

"Қарыздардың тез туындауына байланысты еңбекке қабілетті қазақстандықтар өзінің несие тарихын бұзады. Жақсы несие тарихының болуы - кез келген жеңілдетілген несие беру кезінде ең маңызды талаптардың бірі. Соның салдарынан балалары бар 24-тен 44 жасқа дейінгі қазақстандық ерлер "7-20-25" және кредиттік тарихтың сапасы мен несиелеу деңгейі бағаланатын басқа да көптеген әлеуметтік мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының сыртында болуы мүмкін", - дейді ұйымның басқарушы серіктесі Ботагөз Жұманова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети