26 қараша 2019 13:27

Бензин акцизі 6 пайызға өседі: Жанармай қаншалықты қымбаттайды?

Жанармай акциздерінің өсуіне байланысты бензин құнының қанша болатыны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амрин түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жанармай акциздерінің өсуіне байланысты бензин құнының қанша болатыны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амрин түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде бензин акцизінің құны - 8 теңге, ал бензин - 150 теңгеден. Акциз мөлшері 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге өсті. Яғни, литріне - 10 теңгеге өскені байқалады. Ал акциз 8 теңгеден 18 теңгеге ұлғайды. 

Баға 6 пайызға - 150 теңгеден 160 теңгеге өседі. Акциз - бұл бензиннің өзіндік құны не сатылымының жалғыз компоненті емес. Біз нарықтық экономика құрып жатырмыз, себебі ұсыныстар мен сұраныс бар. Менің ойымша, баға бірден 10 теңгеге өспейді. Мәселен, 2015 жылы дәл осы секілді мөлшерде 4,5 мың теңгеден 10,5 теңгеге ұлғайтқанбыз. Ал сол жылы бензин құны қымбаттамады", - деді Азамат Амрин үкімет отырысынан кейін журналистерге. 

Қаулы жобасы мемлекеттік органдарға қарастыруға жіберілді. 

"Тиісті мемлекеттік органдар келісімін бергеннен кейін жоба үкімет отырысында қарастырылады. Жобаны енгізу 2020 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған. Акцизді көтеру үшін бірнеше себеп бар. Салық салудың негізгі қағидасы - салық мемлекет көрсететін қызметтер деңгейі мен мөлшеріне сәйкес келуі керек. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері артып келеді, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсіп, АӘК пайдаланушылар саны да өскен", - деді Азамат Амрин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети