29 қыркүйек 2014 22:37

Билл Гейтс 21 жыл қатарынан АҚШ-тың ең бай адамы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс Forbes журналының нұсқасы бойынша АҚШ-тың 400 бай адамы тізімінің көшін бастады.


Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс Forbes журналының нұсқасы бойынша АҚШ-тың 400 бай адамы тізімінің көшін бастады.

Басылымның мәліметінше, Билл Гейтс 21 жыл қатарынан АҚШ-тың ең бай адамы атанып отыр. Гейтстің дәулеті - 81 миллиард доллар. Тізімнің екінші орнын Berkshire Hathaway компаниясының басшысы Уоррен Баффет иеленді. Оның дәулеті 68 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Үшінші орын Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисонға бұйырды. Оның байлығы 50 миллиард долларға жуықтайды.

Forbes АҚШ-тың 400 бай адамының жалпы дәулетін 2,29 триллион доллар деп есептеді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 270 миллиард долларға көп. Журналдың мәліметінше, 400 миллиардердің 11-і қырыққа толмаған. Олардың ең байы - Facebook компаниясының негізін қалаушылардың бірі Марк Цукерберг, оның дәулеті 34 миллиард долларға тең.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети