18 шілде 2015 19:40

Биыл Астана қаласының капиталына салынған инвестициялар 10,8 пайызға өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аstana.gov.kz © Аstana.gov.kz

Астана қаласының капиталына салынған инвестициялар 10,8 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласының капиталына салынған инвестициялар 10,8 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар мен маусым айлары аралығында капиталға салынған инвестициялар 270646,8 миллион теңге болды, бұл 2014 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 10,8 пайызға артық. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,1 пайыз болды. Инвестициялардың көбі жеке меншіктегі кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың 70,1 пайызына тең болып отыр.

Айта кетейік, Астанада "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бойынша қаржы орталығы құрылады. Яғни, ТМД мемлекеттері мен Орталық Азия аймағы бойынша қаржылық хаб елордада орналасатын болады.

 

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты - 29,8%, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 52,7%, банк несиелері - 5,5%, басқа қарыз қаражаттары - 12%.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети