20 ақпан 2014 | 13:39

Бизнестің бір триллион теңгесі қалай жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото total.kz сайтынан Фото total.kz сайтынан

Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті дамытуға бөлінетін қосымша бір триллион теңге несие ретінде 10 пайыздық мөлшерлемемен беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрайымының орынбасары Қанат Сұлтанғазинге сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, қазіргі кезде ірі халықаралық қаржы ұйымдары бірлесіп қаржыландыруға қатысуды көздейді. Олар мемлекет тарапынан бөлініп жатқан бір триллион теңгеге тағы 200 миллиард теңгені қосуға әзір. "Бұның барлығы әзірше келіссөздер деңгейінде жүргізіліп жатыр. Бұл ақша екінші деңгейлі банктерде сақталады деген жоспар бар. Сол жерден кәсіпкерлерге, нақты айтсақ, өнім өңдеу саласындағы қазіргі және жаңа жобаларға бөлінеді. Бизнесмендер үшін несие мөлшерлемесі 10 пайыздың шамасында болады. Бәлкім, одан да төмен болуы мүмкін", - деп атап көрсетті бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қ.Сұлтанғазин. Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қордан бөлінетін қаржыны жұмсау жұмысына бақылау жүргізіледі. Алайда ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) бұл қаржыға бақылау жасай алмайды. Себебі оның барлығы "Самұрық-Қазына" қорына кіретін "Бәйтерек" ұлттық компаниясы арқылы "Даму" қорына бөлінеді. Ал қазіргі заңнамаға сәйкес, қаржы полициясы "Самұрық-Қазынаның" ішкі қаржылық жұмыстарына араласа алмайды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети