01 қыркүйек 2018 | 16:06

Бірыңғай жиынтық төлем: Кім және қанша төлеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова тиісті заң қабылданғаннан кейін кімнің және қанша төлейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова тиісті заң қабылданғаннан кейін кімнің және қанша төлейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірыңғай жиынтық төлемнің көлемі қандай?

Үкіметтегілер төлемнің көлемін минималды етуді ұсынды - қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК. 2019 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 2 525 теңге болады. 

2 525 теңге төлеу кезінде қазақстандық айына аударымды бірден төрт бағыт бойынша жүргізеді -  жеке табыс салығы, БЗЖҚ-дағы өз шотына зейнетақы жарнасын аудару, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударым жасау. 

Төлемнің қандай пайдасы бар?

Министрліктің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың категориясы толықтай зейнетақымен қамсыздандырылады, жоғарылатылған көлемде базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады, ол еңбек өтілінің есепке алынуымен байланысты. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ММС енгізілгеннен кейін толық көлемде медициналық қамсыздандыруға қол жеткізе алады. Бұл да әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төлем жасауды қамтамасыз етеді. 

"Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қор жүктілігі бойынша және баланың бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақысын төлейді. Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасайтын азаматтар бұл төлемдерді өзге әйелдермен салыстырғанда жоғарылатылған көлемде алады, мысалы, жұмыс істемеген әйелдермен. Сондықтан бұл шара қолдауды және осы санатқа жататын азаматтарды әлеуметтік қорғауды арттырады", - деп түсіндірді министр Мадина Әбілқасымова. 

Бірыңғай жиынтық төлемді кім төлейді?

Бірыңғай жиынтық төлем табысы жеке кәсіпкерлерден төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған. 

"Біз максималды табыс мөлшерін белгіледік, жылына 100 ЕТЖМ-ға дейін - бұл айына шамамен 240 мың теңге. Демек, бір айдағы табысының мөлшері 240 мың теңгеден аспайтын болса, онда азамат осы режимге өте алады", - деп хабарлады Әбілқасымова.  

Заң жобасы төлеушілер санатын нақты шектейді. Бірыңғай жиынтық төлемді өзге жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші жеке тұлғалар ғана төлей алады. Егер азамат заңды тұлғаларға да қызмет көрсететін болса салықтарды толық көлемде төлеуіне тура келеді.  

Бірыңғай жиынтық төлем қашан енгізілуі мүмкін?

Үкімет заң жобасын жасауды толықтай аяқтады. Енді жоба Мәжіліске, кейін Сенатқа беріледі. Заң жобасы биылғы жылдың соңына дейін қаралып, қабылданады деп жоспарланған. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети