Фото news.mail.ru сайтынан
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына еліміздің алты зейнетақы қоры қосылды. Ал сәуір айында барлық қорлардың есеп-шоттарын бірыңғай жүйеге қосу жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды a href="https://www.kaz.tengrinews.kz/">Tengrinews.kz тішісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ төрағасының орынбасары Руслан Ерденаевқа сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, бүгінде "Республика", "Отан", "Капитал", "Атамекен", "Нефть" және "Газдем" сияқты алты жинақтаушы зейнетақы қорлары бірыңғай жүйеге қосылды. Қазіргі кезде "Грантум" қорының есеп-шоттарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатыр. "Сол қорларға ақша салған салымшылардың жеке зейнетақы шоттары мен жинақтарын бірыңғай жүйеге ауыстыру жұмысы тиісті кесте бойынша атқарылуда. Осы орайда айта кетер жәйт, салымшыларға ол жұмысқа араласудың қажет жоқ. Барлығы автоматты түрде жүргізіледі. Ал есеп-шоттар үшін алаңдамаңыз. Біз оларды сол күйінде толығымен аударатын боламыз", - деді Р.Ерденаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бүгінгі алқа мәжілісінде. Қор төрағасының орынбасары атап көрсеткендей, бүгінде бірыңғай жүйеге қосылмаған екі ірі қор - "Ұлар Үміт" және Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры қалды. "Сөйтіп, 2014 жылы сәуірдің 1-іне дейін салымшылардың барлық жеке есеп-шоттары мен жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін болады. Ал зейнетақы активтерін басқару жұмысын Ұлттық банк атқарады", - дейді Р.Ерденаев.
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына еліміздің алты зейнетақы қоры қосылды. Ал сәуір айында барлық қорлардың есеп-шоттарын бірыңғай жүйеге қосу жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды a href="https://www.kaz.tengrinews.kz/">Tengrinews.kz тішісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ төрағасының орынбасары Руслан Ерденаевқа сілтеме жасап.
Оның хабарлауынша, бүгінде "Республика", "Отан", "Капитал", "Атамекен", "Нефть" және "Газдем" сияқты алты жинақтаушы зейнетақы қорлары бірыңғай жүйеге қосылды. Қазіргі кезде "Грантум" қорының есеп-шоттарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
"Сол қорларға ақша салған салымшылардың жеке зейнетақы шоттары мен жинақтарын бірыңғай жүйеге ауыстыру жұмысы тиісті кесте бойынша атқарылуда. Осы орайда айта кетер жәйт, салымшыларға ол жұмысқа араласудың қажет жоқ. Барлығы автоматты түрде жүргізіледі. Ал есеп-шоттар үшін алаңдамаңыз. Біз оларды сол күйінде толығымен аударатын боламыз", - деді Р.Ерденаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бүгінгі алқа мәжілісінде.
Қор төрағасының орынбасары атап көрсеткендей, бүгінде бірыңғай жүйеге қосылмаған екі ірі қор - "Ұлар Үміт" және Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры қалды. "Сөйтіп, 2014 жылы сәуірдің 1-іне дейін салымшылардың барлық жеке есеп-шоттары мен жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін болады. Ал зейнетақы активтерін басқару жұмысын Ұлттық банк атқарады", - дейді Р.Ерденаев.