Данияр Ақышев теңгені алғаш көргенде алған әсерін айтып берді

10 Қараша 2016, 13:31
0
Данияр Ақышев теңгені алғаш көргенде алған әсерін айтып берді -

Алматыда өтіп жатқан қаржы басқарушыларының кездесуінде Ұлттық банктің қазіргі және бұрынғы төрағалары теңгені алғаш көргенде алған әсерлері жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Ақышевтің айтуынша, сол кезде ол институтта оқып жүрген. "Институтта оқып жүргенде де ақша айырбастау жүйесі болатын. Сол кезде кеңес кезіндегі рубльдерді әкеліп, оны теңгеге айырбастайтын. Сосын айырбастап алған теңгемен үйге келдім. Барлығымыз банкнотаны қарап шықтық. Банкноталардағы жазу ұсақ болды. Ал кейінірек біз үлкен сомадағы ақшаларды көре бастадық. Институтта бұл бір қуанышты жағдай болды", - дейді Ақышев.

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосовтың (1996 - 1998 жылдары қызмет еткен) айтуынша, ол сол кезде жұмыс тобының құрамында болған."Мен жұмыс тобының құрамында жұмыс істедім. Ол топтағы техникалық жұмыстың барлығын Ұлттық банк өкілдері атқарды. Сол жылдардың өзінде Ұлттық банк ірі ұйымдардың бірі болды", - деді Ораз Жандосов.

Өз кезегінде Ұлттық банкті 2004-2009 жылдары басқарған Анвар Сайденов те теңгені алғаш рет көргендегі әсері жайлы айтып берді. "1993 жылдың 15 қараша күні жақсы есімде қалды. Лондонда едім, күн суық, жауын-шашынды ауа райы. Сонда мен Лондонда оқып жүріп, сондағы Еуразия банкінде тәжірибе жинап жүрдім. Кейіннен Лондонға алғашқы делегациялар теңгені әкелген еді. Біз достарымызбен бірге сол банкноталарды қызығушылықпен қарап шыққан едік", - деді Анвар Сайденов.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай