Депутат Тінікеев ұлттық компания қызметкерлерін "байғұстар" мен "түкке тұрмайтындар" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Тінікеев ұлттық компания қызметкерлерін "байғұстар" мен "түкке тұрмайтындар" деп атады © ortcom.kz

Депутат Тінікеев ұлттық компания қызметкерлерін "байғұстар" мен "түкке тұрмайтындар" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Тінікеев ұлттық компания қызметкерлерін "байғұстар" мен "түкке тұрмайтындар" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің 2014 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы Қазақстан үкіметі мен Есеп комитетінің есебі талқыланған кеңейтілген отырысы барысында депутат Мұхтар Тінікеев парламентарий жиі қозғайтын, ұлттық компания қызметкерлерінің жалақысы туралы тақырыпты көтерді.

"Ұлттық компанияларда жалақының жоғары болуы, ол жерде жоғары санатты мамандар жұмыс істейді деп қалай сендіруге болады", - деді депутат Тінікеев премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа.

"Сіз өзіңіз сол жерде болдыңыз ба? Ол жерде кімдердің жұмыс істейтінін көріңіз. "Болашақтың" кешегі түлегі, жақын туыстары тағысын тағы, оларға тіпті World Class бассейні (бару - Автор) төленеді. Байғұстар, бір жарым миллион жалақы алып, көп жұмыс істеп қойыпты. Айтпақшы, Президент тапсырма берді емес пе: қарап, түкке тұрмайтын қызметкерлерді қысқарту туралы", - деп еске салды Мұхтар Тінікеев бүгін Мәжілісте жиналған министрлер кабинетінің мүшелеріне.

"Мен сіздерге ондаған ақылды жігіттің, жастардың және тым жас еместердің тегін айтайын, олар 500 мың теңге үшін де жұмыс істеуге келіседі. Олар жазық далада қарғаларды өлгенше зорықтырады. Ал біз олар бір жарым миллион теңгеге жұмыс істеуге келіспейді деп отырмыз", - деп өз наразылығын жеткізді депутат Тінікеев, қойылған сауалға жазбаша түрде жауаптың берілуі тиіс екенін айтып. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети