Адам өз қаражатын алып, өз қалауы бойынша қолдануға құқылы, өйткені халықтың ақшасына деген осындай бейберекет қарым-қатынастан кейін бізде бүгінде бұл қаражатты қайтара аламыз ба, жоқ па деген сұрақ туындап отыр, деп пікір білдірді БЖЗҚ басшылығына қатысты дауға ҚР Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
Адам өз қаражатын алып, өз қалауы бойынша қолдануға құқылы, өйткені халықтың ақшасына деген осындай бейберекет қарым-қатынастан кейін бізде бүгінде бұл қаражатты қайтара аламыз ба, жоқ па деген сұрақ туындап отыр, деп пікір білдірді БЖЗҚ басшылығына қатысты дауға ҚР Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
"Болған оқиғаға жауапкершілікті толықтай мемлекет өзіне алуы тиіс. Зейнетақы қорында да қоғамдық кеңес болуы керек сияқты, ол зейнеткерлердің ақшасы қаншалықты дұрыс әрі сапалы қолданылып жатқанын бақылайтын еді. Егер адам өз қаражатын қордан алуды дұрыс деп шешсе, ол бұған құқылы. Қажет деп тапса, қаражатын алып, дұрыс деген бағытына жұмсауына құқылы. Өйткені халықтың ақшасына деген осындай бейберекет қарым-қатынастан кейін бізде бүгінде бұл қаражатты қайтара аламыз ба, жоқ па деген сұрақ туындап отыр", - деді ҚР Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Смирнова тілшілерге.
Ал өз кезегінде Гүлжан Қарағұсова БЖЗҚ-дағы дау жайында пікірінде салымшылардың қордағы қаражатына қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтып отыр.
"БЖЗҚ - мұнда салымшылардың ақшасы емес, бұл БЖЗҚ-ның өз қаражаты. Ал салымшылардың ақшасы толықтай қорғалған", - деді Мәжіліс депутаты. Қарағұсова зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мәселесін дұрыстап мұқият қарастыру керек екенін айтады.
"Халықаралық тәжірибе бар, бірақ онда өзекті есеп жүргізу керек. Кейбір салымшылардың белгілі бір қаражаты бар, бұл құпия емес, алайда ең болмағанда орташа деңгейде қалдыру керек, себебі жасарын жасап алған соң азаматтың өмір сүруге жағдайы болуы керек. Бірақ ортақ зейнетақы енді болмайды. Екі түрі ғана қалады - жинақтаушы және базалық зейнетақы. Адам зейнетке шыққаннан кейін минималдық зейнетақы алуы тиіс, ал қалғаны қанша жинағанына байланысты болады", - деді Қарағұсова есептеулерді әрбір салымшының жеке жағдайына байланысты жүргізу керектігін айтып.
Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - деген еді банктегілер.
Ал 9 қаңтарда БЖЗҚ басшылығы қамауға алынған болатын."Олар Жаңа жылдың алдында қамауға алынған. Аты-жөндерін білмеймін, біз оларды атамадық. Жетекші мен орынбасарларының бірі қамауға алынған", - деген еді ҚР Ұлттық банкінің қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Сондай-ақ, бүгін БЖЗҚ ісі бойынша қамауға алынғандардың тізімі жарияланған болды. Кейінірек БЖЗҚ басқарма төрағасының адвокаты істің мән-жайын айтып берген еді.