Мәжіліс депутаттары қанша зейнетақы алатындарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаттары қанша зейнетақы алатындарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Менің зейнетақым - 65 мың 135 теңге. Мемлекеттік қызметте 47 жыл жыл жұмыс істедім, олардың 20 жылы саяси қызметте өтті. Меніңше, бұл әділ емес. Әркім қанша еңбек етті соған байланысты ақша алу керек", - дейді депутат Омархан Өксікбаев.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдарындағы шенеуніктер мен судьядағылар көбірек зейнетақы алады.
"Әрине, біз заң қабылдағанда барлығын ескердік: жұмыстың қаншалықты қауіпті екенін. Бірақ бүгінде меніңше, бізде кішкене асыра сілтеп жіберген сияқты", - дейді депутат.
Мәжілісмен Тұрғын Сыздықов болса 110 мың теңге көлемінде зейнетақы алатынын айтады.
"Зейнетақым мені қанағаттандырады. Әрине, мен әлі жұмыс істеп жүрген зейнеткермін", - деді Сыздықов.