Мәжіліс депутаттары теңге бағамының әлсіреуі салдарынан үкімет мүшелері мен Ұлттық банк өкілдерінен қазақстандықтардың зейнетақылары мен депозиттерін құнсызданудан сақтап қалуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық валютаның әлсіреуіне қатысты үкіметтегілер мен Ұлттық банк өкілдері бірнеше рет түсінік берді. Қазіргі уақытта стратегия мынадай - болып жатқан жағдайды тек бақылап отырып, Ұлттық банк берген болжамдарға дайындалу қажет", - деді депутат Айқын Қоңыров.
Оның айтуынша, теңге бағамының ауытқуынан теріс әсер болмауы үшін бағамның құбылмалылығын тоқтату үшін барынша жағдай жасау қажет.
"Мұнда ең бастысы теңгемен салынған зейнетақы мен депозиттерді сақтап қалу керек. Біз мемлекет азаматтардың зейнетақы және жеке қаражат жинақтарын сақтау керек деп түсінеміз. Мұны тек валюталық кепіл арқылы жасауға болады, яғни, кепілдікте болуы керек. Бұл азаматтардың сенімділігін арттырады", - деді Қоңыров.
Сондай-ақ, депутаттар мұнай бағасы өскенде және теңге әлсіреген кезде мұнай компаниялар индексация үшін ақша алуды талап ету керектігін ұсынды.