Джефф Безос әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джефф Безос әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды REUTERS/Joshua Roberts©

Amazon мен Blue Origin ғарыш компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) тобының президенті Бернар Арноға жол беріп, әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды, - деп хабарлайды Moneycontrol.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Amazon мен Blue Origin ғарыш компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) тобының президенті Бернар Арноға жол беріп, әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды, - деп хабарлайды Moneycontrol.

Сауда-саттықтан кейін Безос 13,9 миллиард доллар жоғалтып, екінші орынға түсті, оның байлығы 192,4 миллиард долларға бағаланады.

Енді бірінші орында Louis Vuitton мен Dior секілді сәнді брендтердің иесі Бернар Арно тұр. Ол да кейінгі тәулікте 2,9 миллиард доллар жоғалтты, оның байлығы - 192,9 миллиард доллар.

Әлемдегі бай адамдар тізімінде 179,4 миллиард доллары бар Илон Маск үшінші сатыда тұр. Одан кейінгі орындарда 131,6 миллиард доллармен Билл Гейтс, 126,2 миллиард доллармен Марк Цукерберг келеді.

Безостың миллиардтап ақша жоғалтуына Amazon акциялары құлдырауы себеп болды. Жұмада компания екінші тоқсанның қаржы есебін жариялағаннан кейін акциясы бірден 7,56 пайызға төмендеді, себебі табыс сарапшылар күткеннен төмен екені белгілі болды.

Сонымен қатар, компанияға 746 миллион еуро көлемінде айыппұл салынған. Өйткені Еуропа құпиялықты бақылау қызметі Amazon-да жеке деректерді өңдеу ЕО мәліметтерін қорғау туралы жалпы ережеге сәйкес келмейтінін анықтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети