9 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 250,83 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.
9 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 250,83 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.
Айта кетейік, таңертең шетел валютасының бағасы 245,23 теңге көлемінде болған еді, осылайша доллар 5,6 теңгеге қымбаттады. Келісімдегі ең төменгі баға 246 теңге болды. Ең жоғарғысы - 251 теңге. Келісімнің жалпы көлемі 21,3 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 26 мүшесі қатысты. Айта кетейік, бұл аптада шетел валютасы бағам дәлізінен асып түсті - 239-242 теңге, ол өткен аптада сақталған болатын.
Естеріңізде болса, 4 қыркүйекте доллар бағамы 240,96 теңге болған еді, ал таңғы сессия 239,60 теңгені көрсетті. Өткен апта 234,94 теңге бағамымен басталды. Алайда аз уақыттың ішінде баға 238,68 теңгеге дейін көтерілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.