Доллар бағамы 350 теңге көрсеткішінен түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 350 теңге көрсеткішінен түсті © Тұрар Қазанғапов

18 ақпандағы KASE қор биржасының күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 349,96-ға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 3 теңгеге нығайып отыр.

Күндізгі сессиядағы алғашқы келісім 350,5 теңгемен жасалды. Саудада төменгі баға 349,34 теңге болса, жоғарысы 350,85 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 89,1 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 347-354 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске салайық, бүгін таңғы сессия қорытындысы бойынша шетел валютасының бағамы 352,08 теңгеге тең болған еді. Ол кезде ақша айырбастау пункттері долларды 350-357 теңге аралығында сатты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети