Доллар бағамы 5 теңгеге өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 5 теңгеге өсті © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 367,61 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 367,61 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндізгі сессиядағы алғашқы келісім 366,7 теңгемен басталды. Ең төменгі баға 364,8 теңге болды. Ең максималды баға - 369,1 теңге. Сауда көлемі 79,8 миллион доллардан асты. Сессия саудасына 25 банк қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 365,2 - 368,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін ақша айырбастау орындарында доллар 370 теңгеге дейін қымбаттаған еді. Бұл 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеп, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандағаннан кейін болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети