Доллар бағамы 55 рубльден төмен түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 55 рубльден төмен түсті © top.rbc.ru

Мәскеу биржасында валюта саудасы ашылғаннан кейін доллардың бағамы 55 рубльден төмен түсіп, шекті бағам 54,85 рубльге жетті, - деп хабарлайды "РБК".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу биржасында валюта саудасы ашылғаннан кейін доллардың бағамы 55 рубльден төмен түсіп, шекті бағам 54,85 рубльге жетті, - деп хабарлайды "РБК".

Сонымен бірге, евро бағамы да төмендеп, 62,2 рубльге жетті. Мамандар рубль бағамының тұрақтануын мұнай бағасының өсімімен байланыстырып отыр - кеше Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 3,5 пайызға көтерілді. Ал бүгінгі ICE биржасындағы саудаға қарағанда, 2015 жылы шілдеде Brent маркалы мұнайдың бағасы жеткізіліммен қоса есептегенде 64 пен 66 доллар аралығында болады, мұндай көрсеткіш өткен жолғы сауда деңгейінен әлдеқайда жоғары.

"Сәрсенбіде рубльдің бағамы қатты нығаяды деп күтудің қажеті жоқ, себебі 15 маусымда РФ Орталық банкінің отырысы өтеді. Экономистердің болжамы бойынша, негізгі мөлшерлеме 1 пайызға, жылдық 11,50 пайызға дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Нарық қазірдің өзінде баға мөлшерлемесін төмендетті, бірақ Орталық банктің қорытындысын 15 маусымға дейін күту ресейлік валютаға кері әсерін тигізеді", - деді "Альпари" аналитигі Владислав Антонов. ОБ 2015 жылы 10 маусымда доллардың ресми бағамын 55,91 рубль деп бекітті, ал евроның ресми бағамы - 63,0721 рубль.

Айта кетейік, бұған дейін рубльдің доллар мен евроға шаққандағы бағамының күрт құлдырап бара жатқаны айтылған болатын. Мысалы, 5 маусымда Ресейде негізгі валюта қорлары бір доллар үшін 56 рубльге және евро үшін 63 рубльге дейін көтерілді. Ол кезде рубль бағамының төмендеуіне негізгі себеп ретінде Украинадағы жағдай мен мұнай бағасының тұрақсыздығы аталған болатын. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети