2015 жылдың 21 желтоқсанындағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 349,12 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кезекті тарихи антирекорд болды.
2015 жылдың 21 желтоқсанындағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 349,12 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кезекті тарихи антирекорд болды.
Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 347 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 349,9 теңге. Сауда көлемі 113,55 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 348-351 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 18 желтоқсанында сауда 344 теңгемен жабылған еді.