11 желтоқсан 2015 | 15:47

Доллар бағамы жаңа антирекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 313,99 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Валюта бағамы 2015 жылы 9 қарашада орнаған тарихи антирекорд 312,65 теңгеден асып түсті.


Иконка комментария блок соц сети

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 313,99 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Валюта бағамы 2015 жылы 9 қарашада орнаған тарихи антирекорд 312,65 теңгеден асып түсті.

11 желтоқсан күні күндіз жасалған бірінші келісім 312,9 теңгемен өтті. Бұл ең төменгі баға, ал ең жоғары баға - 315,19 теңге. Сауданың жалпы көлемі 67,1 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 313-316 теңгеге бағаланды.

Бұған дейін KASE таңғы сессиясында доллар бағамының 311,92 теңге болғаны хабарланған еді. Шетел валютасының бағамы үш күн бойы тарихи антирекорд деңгейіне жақындады. Валюта бағамы 307 теңгеден бірінші рет 8 желтоқсанда 308,19 теңгеге көтерілді.

Сонымен қатар, бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берді. "Қазіргі уақытта биржада тұрған бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз құрылып жатыр. (...) Айырбас бағамының қазіргі деңгейі қазіргі таңда қалыптасқан сыртқы факторларға, қазіргі мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, Ресей және Қытай экономикасына сәйкес. Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге деген паритетіне қол жеткіздік. (...) Алдағы уақытта бағамның өзгеруі ықтималдығы аз. Жағымсыз сценарий жүзеге асып қойды. Мұнай бағасы екі есе құлады, рубль құлдырады. Таяу арада сыртқы конъюктураның айтарлықтай нашарлауы ықтималдығы аз", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети