Доллар бағамы: Шетелдік валютаның бағасы 307 теңгеден жоғары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы: Шетелдік валютаның бағасы 307 теңгеден жоғары © Тұрар Қазанғапов

Доллар бағамы үш күннен бері бір деңгейде тұр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда сессиясы аяқталды, сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 307,68 теңгеге тең болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы үш күннен бері бір деңгейде тұр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда сессиясы аяқталды, сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 307,68 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, кеше таңғы сессия 307, 62 теңге бағаммен аяқталды, ал оның алдындағы күндері, нақтырақ айтқанда 16 қараша күні күндізгі саудада бағам 307,75 теңге болды. 

18 қараша күнгі таңғы саудаға валюта нарығының 17 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 60,3 миллион долларға тең, ол бұған дейінгі сауда көлемінен 40,7 миллионға жоғары. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетелдік валютаны 306-309 теңгеге бағалап отыр.

Еске сала кетейік, аптаның басында доллар бағамы 308,36 теңге болды. Оған дейін - 307,87 теңге. 13 қараша күні таңертең шетел валютасы 307,73 теңгеге бағаланды. Ал тарихи антирекорд 30 қазанда орнады. Ол кезде валютаның бағасы 312,65 теңге болды. Бұл уақыттың ішінде Ұлттық банк нарыққа араласатыны туралы жариялаған жоқ.

Сонымен қатар, Қазақстанның үш жылға арналған бюджеті 300 теңге бағам бойынша есептелетін болды. Бұған дейін Мемлекет басшысы доллар бағамына қатысты комментарий беріп, Ұлттық банктен халыққа не болып жатқанын түсіндіруді талап етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети