Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы(KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы(KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,29 теңгеге төмендеп, 446,38 теңге болды. Айта кетейік, долларының 29 сәуірдегі ресми бағамы - 448,49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 444,73 теңге, сатылым - 450,28 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 445,09 теңгеден сатып алады, 449,14 теңгеден сатады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!