Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 431,95 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 3 маусымдағы ресми бағамы - 432,78 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы - 431,68 теңге, сату - 435,55 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,29 теңгеден сатып алынып, 433,97 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!