Доллар бес күннен бері бір бағаны ұстап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бес күннен бері бір бағаны ұстап тұр © Тұрар Қазанғапов

28 қыркүйек KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 269,99 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 25 қыркүйек күнгі саудада доллардың бағасы осы деңгейде болды. Жұма күнгі таңғы сессияда бір доллар 269,81 теңгеге бағаланған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 қыркүйек KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 269,99 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 25 қыркүйек күнгі саудада доллардың бағасы осы деңгейде болды. Жұма күнгі таңғы сессияда бір доллар 269,81 теңгеге бағаланған болатын.

28 қыркүйек күнгі сауда 270 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға да осы. Ал ең төменгісі - 269,9 теңге. Сауданың жалпы көлемі 71,4 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, 24 қыркүйек Құрбан айтқа байланысты KASE биржасы жұмыс істеген жоқ. 23 қыркүйек күнгі сессия 270,4 теңге доллар бағамымен жабылды. Сол күні күндізгі сессияда доллар 266,69 теңгеге, ал таңғы сессияда 264,12 теңгеге тең болған еді. 270 теңге деңгейіндегі бағам Ұлттық банк 144 миллион долларға интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін, яғни 16 қыркүйектен бастап тұрақтады. Осы уақыттың ішінде доллардың бағамы +/- 10 теңгеге өзгеріп отырды. Интервенцияның жалпы көлемі 694,7 миллион долларға жетті. Алайда Ұлттық банктегілер бұл шараның қай кезге дейін жалғасатыны туралы ресми мәлімдеме жасаудан бас тартты.

Айта кетейік, интервенция 16, 17, 18 және 21 қыркүйекте жүргізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети