Доллар қатарынан үшінші күн қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар қатарынан үшінші күн қымбаттады

Доллар қатарынан үшінші күн қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар қатарынан үшінші күн қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.

30 қыркүйекте сауда-саттықтағы күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 431,81 теңге. Таңертең биржада шетелдік валюта 431,68 теңге болды.

Бұған дейін Қазақстанда еуроның қымбаттағаны хабарланған болатын. Нұр-Сұлтан уақытымен 15.30-да еуроның орташа алынған бағамы - 507,51 теңге. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда 5,51 теңгеге артық.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы және көмірсутектерге деген сұраныс пен нарықтағы басқа да қауіп-қатерлер ұлттық валютаға қысым жасап жатыр.

"Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің көбеюі аясында әлемде отынға деген тұрақты сұраныстың ұзаққа созылу қаупі күшейе түсті. Көптеген экономис пен нарықтағы мамандардың болжамынша, мұнай тұтынудың деңгейі тек алдағы 1,5-2 жылда айтарлықтай өсуі мүмкін. Сонымен қатар, мұнай бағасын белгілеуге Ливиядағы шикізат өндірісінің жандануы да әсер етеді.

Осылайша, 29 қыркүйекте Brent маркалы мұнай баррелінің құны 42,43 доллардан 41,03 долларға дейін төмендеді немесе 3,3 пайызға түсті. Ал WTI маркалы мұнай баррелінің құны 40,6 доллардан 39,29 долларға дейін төмендеді немесе 3,2 пайызға түсті", - деген еді Әлия Молдабекова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети