11 ақпан 2014 16:12

Доллардың өсуі Электронды Үкімет пен интернет-дүкендердің жұмысына әсер етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Доллардың көтерілуі eGov.kz электронды үкімет жұмысына әсер етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Twitter ресми аккаунтына сілтеме жасап. "Бүгінгі жаңалыққа байланысты порталдың ақылы қызметі уақытша істемей тұр. Олардың жұмысы қайта істейтін болса, біз міндетті түрде хабарлайтын боламыз", - делінген хабарламада. Бұл хабарға порталға пікір білдірушілер мен оқырмандар наразылық тудырды. "Бізде тек банкілік механизм, онлайн-төлем ғана жұмыс істемей тұр", - деп дәлел келтірді электронды үкіметтің әкімдігі. Дәл осы кезде Қазақстандағы ең ірі тұрмыстық техника, компьютерлік жабдықтар және құрылыс материалдарын сататын орындардың сайттары да (интернет-дүкендері) істемей қалды. Еске сала кетейік, осыдан бірнеше сағат бұрын ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап, теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейінде ұстап тұрудан бас тартып, бір долларға 185 теңге бағамын ұсынатыны туралы шешімді жария еткен болатын. Бұл жаңалық халықты біраз дүрліктіріп тастады. Валюта курсының соңғы нәтижелері анықталғанша, ақша айырбастайтын орындар жабылып тұрды. Тап сол кезде еліміздің банктерінде бір доллардың бағасы 200 теңгеге дейін көтерілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети