Доллардың теңгеге шаққандағы курс бағамы бірқалыпты түсуі мүмкін. "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова осылай есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ ол бұл аптада доллардың курс бағамы тұрақты болатынын айтты.
Доллардың теңгеге шаққандағы курс бағамы бірқалыпты түсуі мүмкін. "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова осылай есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ ол бұл аптада доллардың курс бағамы тұрақты болатынын айтты.
Сарапшының болажамына қарағанда, бұл аптада теңге курсы айтарлықтай өзгеріске түспейді. Бодрова теңгеге шаққандағы доллар бағамы 181,80 шамасында болады деп есептейді. Бірақ доллар/теңге жұбының алдағы уақытта бірқалыпты түсуі мүмкін деген болжам бар. Бұл уақытта евро нығая түседі дейді ол. "Алдағы аптада евро/теңге жұбы 228,00-233,00 арасында болады. Ал рубль жақын күндері 4,45-4,59 айналасында болады. Рубль мен теңгенің жұптасып қозғалуы әлі де болса байқалмайды", - деді маман.
Сонымен бірге, Бодрова Қазақстанның ішкі экономикасындағы жағдай бейтарап қалатынын айтты. "Еліміздің евробондтың екі шығарылымын орналастыратыны туралы ақпарат қызық болып отыр - 1,5 миллиард доллар көлемінде онжылдық транш және миллиард доллар "салмағы" бар отыз жылдық транш. Есте қаларлығы, Қазақстан қарыздарды орналастыруда Халықаралық Капитал нарығы қауымдастығының (ICMA) жаңа ережесін қолданды. Евробонд орналастыру жағдайы сәтті деп бағаланды және бұл Қазақстанның қаржыларына қолайлы болуы керек", - дейді ол.
Маманның айтуынша, қазанның екінші аптасы үшін доллардың теңгеге шаққандағы бағамы бейтарап өтті. "Теңгенің доллармен жұбындағы баяу, бірақ сенімді түрде нығаюы тоқтады - сыртқы жағдай мұндай қозғалыстарға сәйкес келмейтін сияқты. Өткен аптада доллардың теңгеге қатысты курсы 181,80 межесінде тұрақты болды. Бірыңғай еуропалық валюта сегіз ай ішінде бірінші рет теңгемен бір жұпта нығайды. Евро үшін апта 231.20 теңге деңгейінде аяқталды, бір аптада жұп 1,44 пайыз қосты", - деді Бодрова. Соңғы уақыт үшін Forex валюта нарығындағы евро/теңге жұбының таңғаларлық динамикасы евро/доллар жұбындағы жағдайдың тұрақтануымен байланысты болуы мүмкін деп есептейді ол.