20 ақпан 2014 | 14:12

Елдегі барлық банктерде ұлттық валюта да, шетел валютасы да жеткілікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов ©Нұрғиса Елеубеков ҚР Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов ©Нұрғиса Елеубеков

Биылғы жыл әлемдік экономиканы үлкен сынаққа алды. Дамушы ел түгіл, дамыған елдердің экономикалық өсім қарқыны күрт бәсеңсіді. Біраз мемлекеттің ұлттық валютасы девальвацияға ұшырады. Бұл көштен Қазақстанның да қалыс қалуына мүмкін болмады. Сөйтіп бір апта бұрын елімізде теңге 19 пайызға құнсызданды. Осы оқиғаға байланысты халық қобалжуын базбіреулер пайдаланып, отқа май құйғандай, өсек-аяңмен отандық банк жүйесіне ши жүгіртіп жатқан жайы бар. Жалпы, теңге девальвациясымен байланысты қоғамдағы бар мәселелерге қатысты түсініктемені қамтып, бүгін еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов мырза "Алаш айнасы" газетіне арнайы сұхбат берді... Сұхбат барысында бас банкир: "Қазір елдің барлық банктерінде ұлттық валюта да, шетел валютасы да жеткілікті, ал егер тіпті қажет болып жатса, Ұлттық банк қажетті қаржымен қамтамасыз ете алады. Сіз өзіңіз де білесіз ғой, мемлекет кез-келген жеке тұлғаның банкке салған қаржысын қамсыздандыру бойынша арнайы заң қабылдаған. Сондықтан, әлеуметке айтарымыз – ондай арандатушы жайттарға еш назар аудармаңыздар!" деп атап өтті. Сұхбаттың толық нұсқасын "Алаш айнасы" газетінен оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети