Елімізде ашық аудит жүйесін құру қажет - Мамандар

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде ашық аудит жүйесін құру қажет - Мамандар © Хабар 24

Соңғы үш-төрт жылда 300 миллиардқа жуық қаржы жүйесіз жұмсалған. Бұл туралы бүгін ішкі аудиторлардың ұлттық конференциясында айтылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы үш-төрт жылда 300 миллиардқа жуық қаржы жүйесіз жұмсалған. Бұл туралы бүгін ішкі аудиторлардың ұлттық конференциясында айтылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Ауқымды шараға халықаралық ішкі аудит саласының майталмандары жиналды. Мамандар жалпы осы саладағы қордаланған мәселелерді талқылап, ашық аудит жүйесін құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, олар ревизиялық тексерулер барысында жемқорлыққа жол берілетіндігін де жасырмады. Мұндай "бармақ басты, көз қыстылыққа" жол бермес үшін этикалық әдептілікті қалыптастыру маңызды деп отыр. Әрі сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру керектігі де тілге тиек етілді. Жалпы қазір елімізде мемлекеттік аудиторларды арнайы дайындай бастаған.

"Арнайы мемлекеттік аудиторлардлы дайындадық. Арнайы заңнаманы дайындадық. Тәуекелдерді басқару жүйесі қалыптасты. Аудиттің әртүріне сәйкес құқықтық құжаттары бар. Арнайы мамандарды оқытып, тәуекелдерді дер кезінде айқындап, қаржылық құқықбұзушылықтарды айқындау - біздің басты мақсатымыз", - деді  ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры Арман Бектұрова. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети