Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа жалақысы 186 537 теңге болды.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 458 000 теңге, кен өндіру өнеркәсібінде және кен шығарылатын орында - 387 300 теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында - 315 100 теңге, ақпарат және байланыс саласында - 274 800 теңге, құрылыс саласында - 233 000 теңге болды. Атаулы жалақының ең төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығында - 112 900 теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 39,5 пайызға төмен.

Өңірлерде ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 325 000 теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есе артық. Жамбыл облысында оның көлемі 126 500 теңгені көрсетті, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,2 пайызға төмен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети