19 қараша 2019 14:44

Елімізде жергілікті бюджеттердің кірісі 4,2 триллион теңгеге жеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жергілікті бюджеттердің кірісі бір жылда 19,4 пайызға өсіп, 4,2 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.


Қазақстанда жергілікті бюджеттердің кірісі бір жылда 19,4 пайызға өсіп, 4,2 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.

Ал былтырғы көрсеткіш 3,5 триллион болған.

Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, қаңтар-қыркүйек айлары арасында салық түсімі де 7,5 пайызға өсіп, 1,7 триллион теңгеге жеткен. Осылайша салықтан түскен кіріс 68,7 миллиард теңгеге жеткен.

"2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жергілікті бюджеткен Түркістан облысынан көп ақша түскен - 509,3 миллиард теңге, былтырмен салыстырғанда 17,3 пайызға көп. Ал екінші орында Алматы қаласы (408,7 миллиард теңге) тұрса, үшінші орында Алматы облысы (376,7 миллиард теңге) тұр. Сондай-ақ, бұл тізімде Шығыс Қазақстан облысы 292,9 миллиард теңге) мен Нұр-Сұлтан (285,9 миллиард теңге) бар", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети