Елімізде 2018 жылы қаңтар-ақпан аралығында төлеу картасымен есеп айырысу 2,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 45,3 пайызға жоғары, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.
Елімізде 2018 жылы қаңтар-ақпан аралығында төлеу картасымен есеп айырысу 2,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 45,3 пайызға жоғары, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.
Қолма-қол төлем жасау 28,1 пайызға өскен, яғни 1,8 триллион теңгеге жеткен. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі 2,4 есе өсіп 522 миллиард теңгеге жетті. Соның арқасында бір жылда төлем картасымен есеп айырысу - 15,3 пайыздан 25,3 пайызға дейін өскен.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу еліміздің барлық өңірінде көбейген. Абсолют көшбасшы Алматы қаласы - 403,3 миллиард теңге (бір жылда үш есе өскен). Қазақстандағы үлесі 52,8 пайыздан 64,8 пайызға дейін өсті.
Қаржы орталығынан кейін екінші орында Астана тұр - 55,9 миллиард теңге (бір жылда 64,6 пайызға өсті). Қазақстандағы үлесі 13,1 пайыздан 9 пайызға кеміген.
Үздік үштікте Қарағанды облысы - 25,5 миллиард теңге (бір жылда 2,5 есе өсті). Қазақстандағы үлесі 3,9 пайыздан 4,1 пайызға өсті.
Төлем картасы арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу интернет ресурстраы арқылы жасалады - 306,4 миллиард теңге (бір жылда 3,4 есе өскен). Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесі 34,6 пайыздан 49,3 пайызға өсті.
POS-терминал қолма-қол ақшасыз төлемдері 2 есе өсіп, 276,3 миллиард теңгеге жеткен, алайда олардың үлесі 54,2 пайыздан 44,4 пайызға төмендеген.