ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады, ол 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда көлік саласын дамытуға шамамен 5,8 триллион теңге бағытталғанын айтты.
Соның нәтижесінде 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, ЖІӨ-дегі көлік үлесі 8,3 пайызға дейін өсті, еңбек өнімділігі - 1,7 есеге, контейнерлердің жалпы транзиті - жиырма футтық баламада 271 мыңнан 825 мың контейнерге дейін 3 есе, транзиттен түсетін кірістер - 4,3 есе, 180 миллиард теңгеден 782,4 миллиард теңгеге дейін, жүк тасымалдары транзитінің көлемі бір жарым есеге, 1,3 миллионнан 1,8 миллион тоннаға дейін, транзиттік авиажолаушылар саны 4 есеге, шамамен 1 миллион транзиттік жолаушыға дейін артты.
3 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды, 15 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді, 1,4 мың шақырым жаңа темір жол пайдалануға берілді, Орал, Петропавл, Алматы, Семей, Қостанай, Балқаш әуежайларында 6 ұшу-қону жолағы жаңғыртылды. Қытаймен шекарадағы терминалдардың өткізу қабілеті жылына 40 миллион тоннаға дейін ұлғайтылды. Ақтау портын кеңейту және Құрық портының салынуы есебінен Каспийдегі порт инфрақұрылымының қуаттылығы жылына 17,5 миллионнан 27 миллион тоннаға дейін ұлғайтылды. Инженерлік желілердің ұзындығы 3,4 мың шақырымды құрады. "Нұрлы жол" бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері ішкі су жолдарымен жүк тасымалдау көлемі 86 пайызға - 750 мың тоннадан 1,4 миллион тоннаға дейін өсті, Ертіс өзені бойынша өтпелі кеме қатынасы қалпына келтірілді және кеме жүзетін су жолдарының сапасы жақсарды.
"Тұрақты көліктік-логистикалық жүйе қалыптасты. Соның нәтижесінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтиненталды көпірге айналды. Елбасының аймақтық көліктік-логистикалық хаб құру және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі міндеттері белсенді жүзеге асырылу сатысында", - деді А. Мамин.
2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 6,598 триллион теңгені құрайды. Автожол инфрақұрылымын дамыту аясында республикалық желінің 10 мың шақырым жолын реконструкциялау және 11 мың шақырымын жөндеу, 27 мың шақырым жергілікті желі жолын жөндеу жоспарланған. Темір жол саласында "Достық - Мойынты" учаскесін жаңғырту және "Мойынты - Ақтоғай" учаскесін электрлендіру көзделген. Шағын әуе желілерін дамыту мақсатында 16 аэродром салу жоспарланған.
Автомобиль көлігі саласындағы ұлттық стандартқа сәйкестендіру мақсатында шамамен 133 автостанция/вокзал және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерін салу және жаңғырту жоспарланған.
Жалпы, "Нұрлы жол" жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 551 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның 48,5 мыңы - тұрақты және 502,2 мыңы - уақытша, көлік саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемін 1,1-ден 3,4 триллион теңгеге дейін 3 есе, темір жол көлігіндегі транзит көлемін - 18,1 миллионнан 26,9 миллион тоннаға дейін, автомобиль көлігімен жылына 1,6 миллионнан 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға жол ашады.
"Елбасы “Nur Otan” фракциясының жақында өткен отырысында атап өткендей, “Нұрлы жол” бағдарламасының жаңа бес жылдығы еліміздің көлік инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған негізгі мемлекеттік бағдарламалардың бірі", - деді Асқар Мамин.