ЕҚҚДБ-ның Қазақстанға құйған инвестициялар көлемі 9 миллиард доллардан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕҚҚДБ-ның Қазақстанға құйған инвестициялар көлемі 9 миллиард доллардан асты

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Лондон қаласына жұмыс сапары аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Лондон қаласына жұмыс сапары аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстаннның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастыққа зор көңіл бөледі. Өткен 27 жылда ЕҚҚДБ-ның Қазақстанға инвестициялар көлемі 260-тан астам жобада 9 миллиард доллардан асты", - деді Үкімет басшысы. 

Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасында Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың Кешенді бағдарламасын іске асыру жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

"Қазақстанда  2020-2024 жылдарға арналған денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа көпсалалы ауруханалар салынады. Біз ЕҚҚДБ-ның денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысуын қолдаймыз», - сказал Асқар Мамин.

Өз тарапынан, ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабарти ҚР денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын қаржыландыруға қызығушылық білдірді. 

Үкімет басшысы ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ірі жобаны - Үлкен Алматы автомобиль айналма жолын (ҮАААЖ) іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. 

Тараптар Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері және т.б. салаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети