"Эйр Астана" әуе компаниясындағылар әуе билеттерінің неліктен қымбаттағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Эйр Астана" әуе компаниясындағылар әуе билеттерінің неліктен қымбаттағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Барлық әуе компанияның шығындары доллармен есептеледі. Бұған ұшақтарды сатып алу немесе жалға алуға кететін қаражаттар, авиациялық отын, сақтандыру, техникалық қызмет көрсету мен басқа да шығындар жатады. Ұлттық валютаның былтырғы девальвациясы теңгемен санағанда барлық қызметтің қымбаттауына әкелді. Қазақстан ішіндегі рейстердің тарифы ұлттық валютамен төленеді. Осыған байланысты тариф бағасы да қымбаттады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, әуе компания өкілдерінің айтуынша, елде болған девальвацияға қарамастан "Эйр Астана" компаниясындағылар ішкі рейстегі тарифтердың бағасын өсірмеген.
"ҰОС ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне тегін қызмет көрсету саясаты өзгеріссіз қалды. Әуе компанияның сайтында тарифтердың бірнеше түрімен танысуға болады", - деді баспасөз қызметіндегілер. Олардың мәліметінше, 2016 жылдың бірінші жартысында ішкі бағыттарда теңгемен санағандағы тарифтың орта бағасы былтырға қарағанда 22 пайызға өскен. "Ұлттық валюта девальвацияға ұшырағандықтан "Эйр Астана" әуе компаниясының бірінші жарты жылдықтағы шығыны 6,6 миллион долларды құрады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін авиабилеттерді онлайн сатып алу қызметін көрсететін Aviata.kz сараптама орталығы теңгенің тамыздағы құнсыздануынан кейінгі әуе билеттері бағасының өзгеруіне зерттеу жүргізген болатын. Зерттеу мәліметінше, 2016 жылдың қаңтарында Қазақстандағы ең арзан әуе билетінің бағасы 9 771 теңге болған (Air Astana, Қызылорда - Астана бағыты), ал ең қымбаты 1 640 746 теңгеге (Air Astana, Астана-Пекин, 2 адамға арналған бизнес-класс) дейін жеткен.