08 ақпан 2017 | 19:04

Халықаралық валюта қоры: Ақышевқа қысым түсіп жатқанын байқап отырмыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық валюта қорының ҚР-дағы миссиясының басшысы Марк Хортон Данияр Ақышевтің Ұлттық банк төрағасы қызметіндегі жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық валюта қорының ҚР-дағы миссиясының басшысы Марк Хортон Данияр Ақышевтің Ұлттық банк төрағасы қызметіндегі жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Ақышев мырзаға белгілі бір деңгейде қысым түскенін білеміз және бұл оның жеткен жетістіктеріне де байланысты болуы мүмкін. Дағдарыс уақытында экономиканы тұрақтандыру бойынша жұмыс өте ауыр. Бұл да экономикада айтарлықтай қысым туғызады. Кей топтарға пайыздық мөлшердің төмен болуы маңызды екенін білемін, осы арқылы олар өтімділіктің банктерге берілуіне қол жеткізгісі келеді. Сіз БТА мен банк секторында болған жағдай, қайтарылмаған кредиттер туралы хабардар боларсыз. Бұл жағдайдың қиындығы бірнеше жыл бойы арта берді. Ал Ақышев мырза осы мәселені шешуге тырысып жатыр", - деді Хортон Астанадағы баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының өкілі екінші деңгейлі банктердің акционерлері өте мықты адамдар екенін айтады. "Сондықтан бұл мәселені шешу екінші деңгейлі банк акционерлері тарапынан әсер етуге тырысу болады. Бұл түсінікті жағдай. Кез келген елде орталық банк екі бағытта жұмыс істейді: бірінші - инфляциялық қысымды төмендету, екінші жағынан банк секторының ұзақ уақыттық мәселелерін шешу. Ал Ақышев мырза өз жұмысын жақсы атқарып жатыр деп білеміз", - дейді ол.

Хортонның айтуынша, бір жыл бұрын жағдай айтарлықтай тұрақсыз болған. Сол кезде теңге негіз табуы мүмкіндігі, қаржы нарығы қалай болатыны белгісіз болған. Айтуынша, Ұлттық банк осы қиындықтарды реттей алды. "Банк ақпараттық жұмыс жүргізеді, мәліметтер береді, инфляция, пайыздық ставка мен теңге бағамы бойынша не күтуге болатынын болжайды. Бұл Қазақстан үшін жаңа бағыт. Бұл жұмысты ашық, жылдам жүргізіп, бұл ақпаратты ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылданғаннан кейін бұл ақпаратты беру. Шынын айтқанда, өте қиын жағдайда күрделі жұмыс атқарып жатыр. Кеше біріккен сұхбат бергенбіз. Ақышев мырзаға алда қолдау керек болады. Жұмыс әлі аяқталмады. Нұрсұлтан Назарбаевтың оған қолдау білдіргені жақсы белгі. Алдағы айларда да инфляция деңгейін төмендету, өтімділік мәселесін шешу, қаржы секторы шынайы экономикаға кредит беру мен екінші деңгейлі банктер мәселесін шешуге бағытталған жұмыс жағдайы өте күрделі болады. Оның қындықтарды осылай шешу көзқарасы бар", - деп қорытындылады сөзін Хортон.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Ұлттық банк төрағасы ұсталды деген қауесет пайда болған еді. Кейін бұл мәліметті Ұлттық банктегілер жоққа шығарды. 

Ал осыдан кейін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы қаржы мекемесінің жұмысы туралы есеп берген болатын. Баяндамадан кейін Президент министрлер кабинетінің мүшелеріне Ақышевты қорғап сөйледі

"Менің ойымша, Ұлттық банк өткен жылы ауыр болғанына қарамастан, жақсы жұмыс істеді. Мен қазір банктің мүмкіндігін заңды деңгейде күшейту үшін тапсырма бердім. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банктің ісіне араласу еліміздің қаржы жүйесіне араласу деп санап, жазалау керек. Менің байқауымша, Ұлттық банк тәртіп орнатқан сайын, Ұлттық банк төрағасына шабуылдар да көбейіп кеткен", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети