Ильяс Испанов Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болды

10 Шілде, 20:33
0
Ильяс Испанов Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болды - © primeminister.kz
© primeminister.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Испанов Ильяс Сапарбекұлы ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ильяс Испанов 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы институтты, Қ.А. Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Түрлі жылдары "Ақ - бастау" АБ Сарығаш филиалының бухгалтері, аға маманы, директордың орынбасары, Республикалық бюджеттік банктің Сарыағаш аудандық бөлімінің бастығы, "Темірбанк" ААҚ Шымкент филиалының Сарыағаш қаласының есептік-кассалық бөлімінің меңгерушісі, "Күркелес" ӨК төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 

1999 - 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2005 - 2006 жылдары ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитеті төрағасының орынбасары. 2006 - 2013 жылдары - Астана қ. Соттар әкімшісі, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры. 

2013 - 2016 жылдары - ҚР Жоғарғы сот жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы. 2016 жылдан 2019 жыл аралығында Ақтөбе қаласының әкімі қызметінде болды.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай