Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтардың қордаланған ипотекалық қарыздары кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда Ұлттық банк жанындағы жұмысшы топтың отырысында мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтардың қордаланған ипотекалық қарыздары кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда Ұлттық банк жанындағы жұмысшы топтың отырысында мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, арнайы бағдарлама қабылданатын болса, 4 категориядағы адамдардың берешігі қайта қаралады. Қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша, бұл бастаманы Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер де қолдап отыр.
"Бауырым 7 баланың әкесі, екінші топтағы мүгедек, мен жалғызбасты ана болған соң, бірігіп жұмыс істейік деп магазинді алдық. Енді осы бағдарлама аяғына дейін көмектеседі деп сенемін, осы бағдарлама бойынша менің бауырымның нервісі бітті, қан қысымы көтеріледі, осы санатқа жатады деп үміттенемін. Туыстарымның үйлерін банк қайта-қайта сатуға қояды, реніштер болды. Үйлері кетіп қала ма деп қорқамыз", - дейді борышкерлердің бірі Үміт Бағиянова.
"Ел бірлігі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шолпан Ризабекованың айтуынша, бұл бастама көптен бері көтеріліп келеді. Алайда дүйсенбі күні өткен кезекті жиында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған борышкерлердің қарызын кешіруге екінші деңгейлі банктер мен бас қаржы реттеуші келіскен.
"Жалпы өздерінің төлей алмайтындай жағдайдағы 1, 2-топ мүгедектері, толық отбасы еместер, соғыс ардагерлері, зейнеткерлердің мәселесін шешуі керек. Әрине, ол шешілетін шаруа. Екіншіден мұны Ұлттық банк өте жақсы қабылдады. Бұл дұрыс деп отыр. Себебі, ол халыққа өте тиімді", - дейді Шолпан Ризабекова.