Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Мысалы бұған дейін жоғары білімді, 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болса, 1 маусымнан бастап ол - 98 961 теңге болады. Осылайша, жалақы өсімі 17 130 теңге немесе 21пайыз болады.
Тағы бір мысал, 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысы бұрын 58 984 теңге болса, 1 маусымнан бастап 76 114 теңгеге көбейеді. Өсім - 17 130 теңге немесе 29 пайыз.
Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион қызметшіге қатысты.