Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі

30 Шілде, 09:41
0
Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі -

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, несие 6 пайызбен 7 жылға дейін берілетін болады. 

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" республикалық бағдарламасы іске қосылды. Осы мақсаттарға 600 млрд.теңге бөлінді, олар келесі екінші деңгейдегі банктерде салынған: "Халық банкі" АҚ, First Heartland Jusan Bank АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Банк Центр Кредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, Forte Bank АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, Bank RBК АҚ, "Нұрбанк"АҚ.

"Бұл ретте, кредитті пайдалану мақсаттары: инвестицияларға кемінде 50 пайыз, айналым қаражатын толықтыруға кемінде 50 пайыз болуы тиіс. Бағдарламаға 108 ЭҚЖЖ-ның бірінде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер қатыса алады, оның ішінде білім беру объектілерін салу, көлік құралдарын, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, тоқыма өнімдерін, қағаз бұйымдары мен буып-түю материалдарын, электрониканы, жиһаздарды, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру бойынша", - делінген әкімдіктің сайтында.

Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жобалық кеңсе құрылып, оның тұрақты негізде қызмет көрсететіні айтылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай