25 шілде 2019 10:21

Жұмыс берушінің есебінен қызметкерге 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің пайдасына 5 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданды.

Жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын енгізудегі мақсаты - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, жұмысшылардың еңбек өтіліне сәйкес келетін лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

Осылайша, қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 пайызы аударылып отырады: 10 пайызы - қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы - жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен зейнетақы жарналары.

Министрліктің мәліметінше, бұл жаңашылдық барлық жұмыс істейтін азаматқа, оның ішінде жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады.

Жұмыс берушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат БЖЗҚ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети