16 қыркүйек 2019 | 13:17

Жыл басынан Қазақстанда 1,5 триллион теңге көлемінде зейнетақы төленген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Жыл басынан республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге шамамен 470 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 30 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан елде 1,5 триллион теңге көлемінде зейнетақы төленді Биылдың қаңтар айынан тамызға дейін ел бюджетінен базалық зейнетақы төлеуге 469 миллиард 900 миллион теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 29 миллиард 700 миллион теңге бағытталған. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 миллион 171 мың 200 адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 миллион 190 мың 100 адам алады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 мың 679 теңгені құрады. Бұл, алдыңғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 миллион 190 мың адамды құрады, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың азамат зейнеткерлер қатарын толықтырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети