Қаражатты үнемдеу арқылы ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт 400,3 миллиард теңгеге азайтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Қаражатты үнемдеу арқылы ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт 400,3 миллиард теңгеге азайтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы республикалық бюджет кірістерінің күтілетін артық орындалуына байланысты ҚР Мәжілісі 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бекітілген трансферт мөлшерінің төмендеуіне қатысты заң жобасын мақұлдады.
Парламенттің төменгі палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. ҚР Мәжілісінің қаржы және бюджет бойынша комитеті заңнама бойынша оң қорытынды берді.
"Заң жобасымен 2016 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін түзету көзделген. Республикалық бюджеттің артығымен орындалуын ескере отырып, ағымдағы жылы Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу мақсатында республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 2 трлн 880 млрд теңгеден 2 трлн 479,7 млрд теңгеге дейін қысқарту көзделген", - деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Министрдің айтуынша, босатылған 400,3 миллиард теңге 2016 жылдың басында болжанған салаларды дамытудың үздік динамикасы есебінен қалыптасты.
"Естеріңізде болса, мұнай бағасы 30 доллар деңгейінде болды, бүгін 8,5 айдың ішінде оның бағасы 40,5 доллар деңгейінде тұр. Экспорттық кедендік баж салығы бойынша 179 миллиард теңге, мұнай өндірудің болжамы бойынша, бізде оң динамика байқалады: егер 2016 жылдың жоспарында 74 миллион тонна болса, бүгінгі күні 8 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру белгіленген жоспардан артық, және Қашағанды іске қосудан қосымша 75,5 миллион тонна күтіледі", - деп атап өтті ҚР ҰЭМ басшысы.
Дауыс берудің қорытындысы бойынша, мәжілісмендер ұсынылған заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Одан әрі, заңнамалық тәртіп бойынша заңның жобасын ҚР Парламенті Сенаты қарайды.