Карантиндегі кәсіпорындарды тексеру уақытша тоқтатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантиндегі кәсіпорындарды тексеру уақытша тоқтатылады Фото: astana.gov.kz

Қазақстанда карантиндегі кәсіпорындарды тексеру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда карантиндегі кәсіпорындарды тексеру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланыста салықтық және кедендік тексерулер жаңартылады және кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс жасау режиміне өзгеріс енгізіледі.

"Егер де тексерілетін кәсіпорынның қызметкері карантинге кеткен болса, онда кәсіпорынның жұмысы қайта жанданған уақытқа дейін тексеру уақытша тоқтатылады. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісіне құжаттарды ұсыну туралы талапнама табыс етіледі. Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдарының өндірісінде 1403 салық және 382 кедендік тексеру бар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен тікелей байланысты азайту мақсатында жергілікті жерлерде кедендік тексерулердің басым бөлігі қашықтықтан жүргізіледі. Кәсіпорынға барудың қажеті жоқ. Ондай тексерулер саны 60-тан асады.

"Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың екінші жартыжылдығына салық тексерулерінің кестесін жасаудан бас тартты. Бұл дегеніміз, 700-ге жуық тексеру жасалмайды. Тек нақты бұзушылықтар бойынша ғана жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети