05 тамыз 2014 | 11:54

Қаржыны қандай валютада сақтаған тиімді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Девальвация дақпыртынан кейін қолында аз-кем қаржысы бар халықты алаңдатып отырған тағы бір мәселе бар. Ол әрине, «болашақта қолда бар қаржыны қандай валютада сақтау керек» деген беймаза ой.


Иконка комментария блок соц сети

Девальвация дақпыртынан кейін қолында аз-кем қаржысы бар халықты алаңдатып отырған тағы бір мәселе бар. Ол әрине, «болашақта қолда бар қаржыны қандай валютада сақтау керек» деген беймаза ой.

«Ақшаны қалай сақтап, қалай көбейтемін» деген көпшіліктің теңгемен жиған депозитін долларға айырбастап тыншу тапқанын біз бұдан бұрын да жаздық. Осыған орай «Алаш айнасы» жаппай долларлық депозитке ауысудың да банктерге кері әсері барын жіктеп жазды. Ал енді «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» амал табудың жолы қайсы? Бұқара қауым болашақта қолында бар ақшасын қалай сақтауы керек? Бұл тұрғыда біз мамандармен ой бөлісуді жөн көрдік...

Мультивалюталық қағиданы меңгере алдық па?

Негізінде, қолда бар артық ақшасын банктегі депозитке салу – халықтың арасында ең көп тараған әрі қарапайым инвестиция түрінің бірі. Қандайда бір банк банкротқа ұшыраған жағдайда ел үкіметі 5 миллион теңгеге дейінгі депозиттік салымды қайтарып беруге кепілдік беретіндіктен, мұндай салым біздің елде қауіпсіз құрал ретінде есептеледі.

Бұл ретте Қазақстан ұлттық банкінің деректеріне сүйенсек, 2013 жылдың аяғында депозиттік ұйымдарда жинақталған сома 10 триллион 100 миллиард теңге болған. Бұл соманың 3 триллион 900 миллиард теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі. Ал сол жеке тұлғалар 2 триллион 200 миллиард теңгені ұлттық валютамен яғни теңгемен сақтайды, ал 1 триллион 700 миллиард теңге көлеміндегі ақшаны шетел валютасымен ұстайды. Жалпы, мамандардың байыптап отырғанындай қандай да бір валютаны таңдау үшін оның курсы мен жалпы экономикалық ахуалдан хабардар болған жөн.

Тоғжан Шаяхметова, экономист-сарапшы, банк секторының маманы:

– Қазірде Ресей рублі мен экономикасы тұрақсыз болып отыр. Осыған орай қайсыбір инвесторлар ақшасын доллармен ұстайды. Сондай-ақ АҚШ-тың федералды резерв жүйесі долларды нығайтуға әрекет жасап жатыр. Мұны ескергендердің де біразы қаржысын доллармен ұстауға машықтанған. Ал енді Еуроаймақ елдерінің экономикасы жандана бастады деген болжам жасайтындар евро бағамын бақылаудан бір танбай отыр. Қытай экономикасы қарқынды өсіп, халықаралық төлемдерде юань көбірек пайдаланыла бастағандықтан, бұл валютаның болашағы зор деп есептелінуде. Сөйтіп, қазірде қаржы нарығында ағылшындардың «жұмыртқаны әр түрлі себетке бөліп салу керек» деген мәтелінің рөлі жоғары болып отыр. Қазірде мултивалюталық депозиттерге деген сұраныс бар. Халықтың біразы қолында бар 5-10 мың АҚШ долларының өзін доллар, евро, теңгеге бөліп салуды жөн санайды. Өз басым халықтың мултивалюталық депозиттерге бейімделе бастауын жөн санаймын. Сондықтан банк секторының маманы ретінде айтарым, мултивалюталық депозиттерге сұраныс болашақта артуы тиіс. Осыған байланысты қарапайым халық қолда бар қаржысын теңге, евро, долларға бөліп бөліп депозитке салса ұтылмайды деп ойлаймын.

Долларды қайтіп ығыстырамыз?

Әйтсе де мамандар мультивалюталық депозиттерге болашақта сұраныс артады дегенімен, сондай-ақ елде айырбас орындары арқылы долларды қолма-қол сатып алу көлемінің артқанына да қарамастан біздегі құзырлы тарап халықты ақшаны ұлттық валютада сақтауға шақырады. Мысалы, ақпанда болған девалвациядан кейін де ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов «ақшаны қай валютада сақтаған жөн?» деген тілшілердің сауалына «Ұлттық банк төрағасы ретінде екінші деңгейлі банктерде теңгедей ашылған депозиттерді сақтауға кеңес беремін. Өйткені өзіміз де қазір экономиканы дедолларизациялау саясатын (долларды ығыстыру) жүргізіп жатырмыз. Бұл – біздің экономикамыздың одан ары өсуі үшін және тиімді ақша-несие саясатын жүргізу үшін аса маңызды» деген болатын.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети