Қазақстан қор биржасы (KASE) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаға сілтеме жасап.
Қазақстан қор биржасы (KASE) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаға сілтеме жасап.
Қор биржасы өкілдері Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2014 жылдың 25 сәуіріндегі қаулысымен KASE-нің 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (370,4 мың теңге) әкімшілік тәркілеуге ұшырағанын хабарлады. KASE-ге айыппұл ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 179-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық - қаржылық есепті бұрмалағаны үшін салынып отыр.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың қаңтар-сәуір айларында KASE-де сауда көлемі 1,9 есе өсіп, 14,1 триллион теңге (81,4 млрд доллар) болған. Өткен төрт аймен (2013 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары) cалыстырғанда сауда көлемі 31,1%-ға (доллармен есептегенде 16,5%-ға) артқан.