20 мамыр 2020 | 17:02

KASE маманы теңге бағасының қалай нығайып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қор биржасының (KASE) төрайымы Алина Алдамберген теңгенің долларға қатысты қалай нығайып жатқанын айтты, сондай-ақ ұлттық валютаның болашағына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан қор биржасының (KASE) төрайымы Алина Алдамберген теңгенің долларға қатысты қалай нығайып жатқанын айтты, сондай-ақ ұлттық валютаның болашағына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтар-ақпанда курс тұрақты болды және наурызда құбылмалы болды. Сондықтан сұранысты теңестіру, бағаны анықтау үшін бізге  "Франкфурт аукционын" қолдануға тура келді. Бірақ қазір 1 мамырда теңге жыл басынан бері 10,5 пайызға құлдырады, қазір біз теңгенің нығайып жатқанын көріп отырмыз", - деді ол онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, көктемнің басында теңге бағасының арзандауы дүние жүзіндегі белгісіздік пен нарықтағы мұнай бағасының ауысуына байланысты болды.

"Бір жағынан, бұл карантинмен байланысты және бір жағынан экономикалық белсенділік төмендеуіне байланысты болды. Қолдау шаралары қабылданды. Ұлттық компаниялар тартылды, олар табыстың бөлігін валюта нарығында іске асырып жатыр. Одан әрі Ұлттық банк те наурыздағыдай нарықтың тұрақты болуына көмектесе алады. Ұлттық қордан трансфер ұлғайды", - деді ол.

Алдамберген валюталық нарықта жағдай тұрақты, сондықтан бірінші тоқсан бойынша салықты төлеу кестесі 2020 жылдың 25 мамырында аяқталғанда теңге нығая бастау керек деген болжам жасады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети