KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,40 теңге болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,40 теңге болды © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,40 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай деңгейде шетел валютасы төрт күн бойы тұр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,40 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай деңгейде шетел валютасы төрт күн бойы тұр.

2015 жылдың 19 қарашасы күні таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 307,48 теңгемен басталды. Бұл ең жоғарғы баға болды. Ең төменгі баға - 307,36 теңге. Сауда көлемі 87,6 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.

Еске сала кетейік, Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде ҚР Ұлттық банкінің басшысы теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берген еді. 

"Қазіргі уақытта биржада тұрған бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз құрылып жатыр. (...) Айырбас бағамының қазіргі деңгейі қазіргі таңда қалыптасқан сыртқы факторларға, қазіргі мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, Ресей және Қытай экономикасына сәйкес. Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге деген паритетіне қол жеткіздік. (...) Алдағы уақытта бағамның өзгеруі ықтималдығы аз. Жағымсыз сценарий жүзеге асып қойды. Мұнай бағасы екі есе құлады, рубль құлдырады. Таяу арада сыртқы конъюктураның айтарлықтай нашарлауы ықтималдығы аз", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк іргелі трендке кедергі келтірмейді. "Егер мұнай бағасы баррель үшін 40 доллардан төмен болса, бағам түзетілуі мүмкін. (...) Бірақ айырбас бағамының күрт ауытқуына немесе тұрақсыз ететін өзгерістерге, әлсіз болуына да, нығаюына да жол бермейміз", - деді Ақышев.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети