20 ақпан 2014 | 15:59

Kaspi bank тағайындап отырған 100 миллион теңгені Бас прокуратура алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірер күннің ішінде моральдық-материалдық шығынға батқан Kaspi bank өздері тағайындап отырған 100 миллион теңгені Бас Прокуратураға беретінін жоққа шығарды. Аталмыш банктің директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким: "Қазіргі кезде Бас прокуратура күдіктінің ізіне түссе керек. Алайда менің бұған алып-қосарым жоқ. Бұл - тергеу құпиясы. Десек те, біз дайындап отырған 100 миллион теңге көлеміндегі сыйақы айтыла салған сөз емес. Ол ақшаны біз қауесет таратып, салымшыларды сергелдеңге салған адамды тауып берген жанға береміз деп отырмыз. Кім де кім осы жайында нақты ақпарат білсе, құқық қорғау органы саласына көмектесулерін сұраймыз. Ал Бас Прокуратураға бұл сыйақы берілмейді. Өйткені бұл олардың тікелей міндеті", - деп мәлімдеді. Айта кетейік, ҚР Ұлттық Банк тұрағасы Қайрат Келімбетов те "банктерде қолма-қол ресурс қорының жеткілікті екендігін" ескертіп, жұртшылықты сабырға шақырды. Сан мыңдаған салымшыларды әбігерге салған ұялы телефон арқылы тарап кеткен жалған ақпараттың артында кім тұрғаны шынымен де белгілі болса керек. Бұл туралы бүгін журналистерді шұғыл жинаған Бас прокуратура да мәлімдеді. Алайда Кaspi bank, Альянс Банк пен ЦентрКредитті қомақты шығынға батырған хабарлама жайында нақты деректер айтылмады. Оны прокуратурадағылар "сақтық шараларына байланысты" деп түсіндірді. Осыдан бұрын айтылғандай, банктердің қаржылық жағдайына қатысты жалған мәлімет таратқан тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұған қатысы барлардың айыптары анықталса, оларға қатысты тексеру жүргізілмек. Сонымен қатар, олар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Тіпті қылмыстық іс қозғалуы да әбден мүкін көрінеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети